​Қазақстанда көкөністер қымбаттап кетті

0
2 499

Сарапшыларының айтуынша, қияр 45,8 пайызға, ал қызанақ 32,8 пайызға қымбаттап кеткен.


​Қазақстанда көкөністер қымбаттап кетті

ERNUR.KZ. Еліміздегі базарларда көкөністер, балық және тауық еті қымбаттаған, деп жазады Tengrinews.kz.

Energyprom агенттігінің сарапшыларының айтуынша, қияр 45,8 пайызға, ал қызанақ 32,8 пайызға қымбаттап кеткен.

Сондай-ақ, орамжапырақтың 18,3 пайызға қымбаттағаны айтылады. Мамандардың сөзіне сүйенсек, бір айда барлық көкөніс түрінің бағасы көтерілген.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері көкөніс бағасының өндірістің маусымдылығына байланысты қымбаттады деп түсіндіреді. Бұдан бөлек, азық-түлік тауарларының қызмет түрлері бағасының қымбаттауына әкелетінін айту керек: отын, электрэнергия мен коммуналдық қызметтердің бағасына.

Ведомстводағылар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты ету мақсатында өңірлік қорлар құрылып жатқанын айтып өтті. Қазақстанның бес ірі қаласында көтерме-бөлшек сауда орталықтарының құрылысы жүріп жатыр.

Ал жеміс-жидектердің ішінде желтоқсанда бананның 2,4 пайызға, кептірілген өріктің 0,4 пайызға қымбаттағаны айтылады. Ал лимон, керісінше, бір айда 2,3 пайызға арзандаған.