Қазақстанда колорадо қоңызының күрт азаю себебі белгілі болды

0
2 664

Қоңыздың азайып кетуіне өткен жылы болған қатты аяз себеп.


Қазақстанда колорадо қоңызының күрт азаю себебі белгілі болды

ERNUR.KZ. ШҚО-дағы Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Шемонаиха сынды аудандарда да жәндіктердің саны күрт азайып кеткен, деп жазады Алтайньюс.

Шыбын шықса, жаз болып небір зиянкес жәндіктер көбейді деп жұрттың мазасы кетуші еді. Ал Өскемендіктер «қоңыз қайда?» деп отыр.

Қоңыздың азайып кетуіне өткен жылы болған қатты аяз себеп. Оның үстіне қар жамылғысы да жұқалтаң болды. Жер қабаты екі метрге дейін мұздаған. Ал колорадо қоңыздарының саны мекен ететін ортасының табиғи-климаттық жағдайына тікелей байланысты.

Инспекция өкілдері зиянкестердің күрт азайуына бола, химиялық өңдеу жүргізудің қажеті жоқ деп отыр.

Сондай-ақ қыс пен көктем мезгіліндегі ауа-райының тұрақсыздығынан колорадо қоңыздарының ғана емес, дала тышқандары мен шегірткенің саны да азайғаны белгілі болды.