Қазақстанда комплаенс мамандарын даярлау қолға алынды

0
489

Комплаенс-қызметі ұғымы бізге шетелден келген. Ол сәйкестік деген мағынаны білдіреді. Аталған қызметтің мақсаты – халықаралық заңнамалардың сәйкестігін тексеріп, мониторинг жүргізу.


Қазақстанда комплаенс мамандарын даярлау қолға алынды

ERNUR.KZ. Отандық комплаенс-қызметкерлерді оқытып, даярлау басталды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгіннен бастап біздің корпоративтік университетте квазимемлекеттік ұйымдардың комплаенс-қызметкерлерін оқыту басталды. Аталған бастама ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, елімізде аталған жаңа қызметті ілгерілету мақсатында қолға алынды. Себебі бұл қызметке маман табу өте қиын, оны өз басымнан білемін. Оның үстіне комплаенс-қызметі елімізде енді енгізіліп жатыр, кейбір квазимемлекеттік ұйымдар оның түпкі мақсатын түсіне қоймайды. Шетелде бұл қызмет түрі алға қойылған, әрине олар жетістікке бір күннің ішінде қол жеткізген жоқ. Бұл көпжылдық процесс пен тәжірибе», - деді Дәурен Ақшалов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен AntikorLive жобасының эфирінде.

Оның айтуынша, комплаенс-қызметкеріне қойылатын басты талаптың бірі адаммен тіл табыса алу.

Сондай-ақ, спикер комплаенс-қызметкердің міндетіне кең ауқымды деректермен жұмыс істеп, талдау жүргізу кіретінін мәлім етті.

Бұған дейін Дәурен Ақшалов аталған қызметтің мақсаты мен оның не үшін қажет екендігі туралы айтып берген еді.