Қазақстанда "қоңыр-қызыл" аймақ пайда болды - қаулы

0
443

Қаулыда "қоңыр-қызыл" аймаққа қатысты арнайы шектеулер жазылған.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты, онда "қоңыр қызыл" аймақ ұғымы пайда болды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қоңыр-қызыл" аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70 пайыздан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде)", - делінген құжатта.

Қаулыда "қоңыр-қызыл" аймаққа қатысты арнайы шектеулер жазылған.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Айта кетейік, 29 шілдеге дейін Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы тек үш аймаққа бөлінген - "жасыл", "сары" және "қызыл".