Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 18 адам көз жұмды

0
414

Ресми статистика бойынша елде COVID-19 құрбандарының жалпы саны 4,1 мың адамнан асты, ал "ковидтік" пневмониядан 3,3 мыңнан аса адам қайтыс болған.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 18 адам көз жұмды

7 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 119 жағдайы және 3 өлім тіркелді. Оған қоса 20 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, коронавирустан бір тәулікте 15 адам қайтыс болды.

Ресми мәліметтер бойынша пандемия басталғалы коронавирус инфекциясы 4 111 адамның, "ковидтік" пневмония 3 398 адамның өмірін қиды.

9 маусымдағы жағдай бойынша 22 821 адам коронавирустан емделіп жатыр. Стационарларда 7 640 пациент, емханаларда 15 181 науқас ем қабылдауда.

538 пациенттің жағдайы ауыр, 114 адам хәл үстінде жатыр, 81 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 1 000 қазақстандықтың COVID-19 жұқтырғаны анықталды, тағы 119 науқас "ковидтік" пневмонияға шалдыққан.