Бір күнде коронавирустан 27 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 4 адам қайтыс болды.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 31 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, КВИ-дан 27 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 4 адам қайтыс болды.
COVID-19 белгілері бар пневмония ауруы туралы мәліметтер:
2020 жылдың 1 тамызынан бері COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққандардың жалпы саны - 50 955, кісі өлімі - 713, емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 49 290.