Қазақстанда коронавирусқа қарсы шараларға 3,5 млрд теңге бөлінді

0
1 195

Осы бағыттағы жұмыстарды Денсаулық сақтау министрлігі бақылайтын болады.


Қазақстанда коронавирусқа қарсы шараларға 3,5 млрд теңге бөлінді

ERNUR.KZ. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов ел аумағында коронавирустың таралуына жол бермеуге бөлінген қаржы туралы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қаржы үкіметтік резервтен бөлінді. Осы орайда коронавирустың таралуына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрі-дәрмекті, масканы, тепловизорлар мен басқа да жабдықтарды алу шаралары қамтылады», - деді ол Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар Ә. Смайылов бұл бағытта қанша қаржы ескерілгенін айтты.

«Шамамен 3,5 млрд теңге бөлінді. Осы бағыттағы жұмыстарды Денсаулық сақтау министрлігі бақылайтын болады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.