Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинацияны видеоға түсіреді

0
2 401

Қазақстанда ресейлік "Спутник V" препаратының вакцинациясы 1 ақпаннан басталады.


Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинацияны видеоға түсіреді

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинацияның барлық процесі видеоға түсіріледі. Коронавирусқа қарсы вакцина салынатын барлық арнайы емдеу бөлмелері камералармен жабдықталады. Олар қалалық және аудандық ауруханаларда ашылады, деп жазады Stan.kz.

Телеарна мәліметінше, дәрігер тексергеннен кейін азамат коронавирусқа қарсы екпе салдыруға жіберіледі, процесс камера объективінің алдында өтеді.

Сонымен қатар бөлмелерді вакцинадан кейінгі бақылау аймағы және шұғыл медициналық көмек аймағы қарастырылған.

Еске сала кетейік, Қазақстанда ресейлік "Спутник V" препаратының вакцинациясы 1 ақпаннан басталады.

Ал отандық QazCovid-in препаратының вакцинациясын сәл кейін бастау жоспарланып отыр. Қазір ол сынақтың үшінші сатысынан өтіп жатыр.