Қазақстанда құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді

0
171

Бүгін Мемлекет басшысы құрылыс және цифрлық кодекстерге қол қойды.


Қазақстанда құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Цифрландыру және ЖИ жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026-2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспарын бекітті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Құжат құрылыс саласын цифрлық трансформациялаудың негізгі міндеттерін айқындайды және жоспарлау, жобалау кезеңдерінен бастап, пайдалануға беру, ғимараттарды одан әрі пайдалану үдерістеріне дейінгі құрылыс нысандарының бүкіл өмірлік циклін қамтиды.

Жоспарда құрылыс саласындағы үдерістерді жеңілдету және жеделдетуге бағытталған кешенді практикалық шаралар көзделген. Басым бағыттардың қатарында міндетті BIM-жобалауды енгізу, құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, нысандардың цифрлық паспорттарын қалыптастыру, сондай-ақ құрылыс нормалары мен стандарттарын машинамен оқылатын форматқа көшіру бар. Бұл шаралар қолмен орындалатын операциялар санын қысқартуға, қателіктер тәуекелін азайтуға және құрылыс жобаларын жүзеге асырудың болжамдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жоспарды жүзеге асыру саланың ашықтығын және басқарылуын қамтамасыз етуге, құрылыс мерзімдері мен шығындарын қысқартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, сондай-ақ құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Бүгін Мемлекет басшысы құрылыс және цифрлық кодекстерге қол қойды.