Қазақстанда қысқамерзімді депозиттер мөлшерлемесі өсті

0
351

Нарыққа тәуелді ұзақ мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлеме өзгеріссіз қалды.


Қазақстанда қысқамерзімді депозиттер мөлшерлемесі өсті

ERNUR.KZ. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгеде сақталатын депозиттер бойынша 2021 жылдың қыркүйегіне арналған ең жоғары мөлшерлемені бекітті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Банктердің нарықтағы мөлшерлемесінің орташа деңгейі төмендегеніне байланысты мерзімсіз салымдар бойынша максимал мөлшерлеме алдыңғы деңгейде сақталынып қалды.
Базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін 3 және 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдары бойынша максимал мөлшерлеме 0,3-ке көтерілді. Бұл депозиттердің осы түріне банктердің нарықтық мөлшерлемесі бойынша ықтимал жауабына сәйкес келеді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қысқамерзімді депозиттер бойынша (3, 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлеменің жоғарылауы тұрақты қаржыландырудың өсуіне түрткі болады және ашылған депозиттерді қайта рәсімдеу мүмкіндігінің болуына байланысты несиелендіруге ықпал етеді.

Нарыққа тәуелді ұзақ мерзімді депозиттер бойынша (12, 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлеме өзгеріссіз қалды.


Тағы оқыңыз: Павлодар облысында үш баласын өлтірген әйел артынан өзіне қол салған.