Қазақстанда қызметінен босатылған депутаттардың орнына сайлау қашан өтетіні белгілі болды

0
378

Комиссия қызметінен шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын бір мезгілде сайлау өткізу күнін бекітті. Қаулыда ол желтоқсан айында болатыны көрсетілген.


Қазақстанда қызметінен босатылған депутаттардың орнына сайлау қашан өтетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда қызметінен шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау қашан өтетінін айтты, деп жазады stan.kz.

Комиссия қызметінен шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын бір мезгілде сайлау өткізу күнін бекітті. Қаулыда ол желтоқсан айында болатыны көрсетілген.

"2024 жылғы желтоқсанның екінші жексенбісінде қызметтен кеткендердің орнына мәслихат депутаттарының сайлауын бір мезгілде өткізу күні келісілсін.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары мәслихат депутаттарын сайлауды тағайындау кезінде жоғарыда көрсетілген келісілген күнді басшылыққа алсын", - делінген құжатта.

Осылайша, қызметтен шығарылғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау 8 желтоқсанда өтеді.