Қазақстанда маска кию талабы алынып тасталды

0
635

​Сондай-ақ "Pfizer" препаратымен вакцинациялауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі.


Қазақстанда маска кию талабы алынып тасталды

ERNUR.KZ. Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп жазады sputnik.kz.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:
- үй-жайларда міндетті маска кию талабын алып тастау;
- медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды кию міндетін өз күшінде қалдыру;
- адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска киюді ұсынымдық сипатта қалдыру;
- білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.
Сондай-ақ ВАК шешімімен "Pfizer" препаратымен вакцинациялауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:
- бастапқы вакцинациялаудан өтетін, осы препаратпен профилактикалық егуді алғысы келетін адамдар;
- түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;
- шетелде алған вакцинация курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;
- COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.