Бұрынғы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мемлекеттік кеңесші болып тағайындалған еді.
ERNUR.KZ. Ұлттық құрылтайдың отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші лауазымын жою жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Президенттің сөзінше, қолданыстағы Парламент қызметін қамтамасыз етіп отырған аппараттық құрылымдардың бір бөлігі, сондай-ақ мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылмақ.
Еске салайық, Мемлекеттік кеңесшінің мәртебесі мен өкілеттіктері туралы жарлыққа Президент 2022 жылғы маусым айында қол қойған болатын.
Бұрынғы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мемлекеттік кеңесші болып тағайындалған еді.


