Мұны "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ растады.
ERNUR.KZ. Қазақстанда мемлекеттік органдардың сайттары жұмыс істемей тұр. Мұны "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ растады, деп жазады zakon.kz.
"Иә, біліп отырмыз, әлі бір сағаттай жұмыс істемейді. Себеп - техникалық ақау", - деді "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі.
Мәселен, Алматы қаласы әкімдігінің сайтын ашуға тырысқанда, "Тілдерді жүктеу" жазуы пайда болады. Дәл осындай жағдай облыс әкімдіктері мен министрліктердің сайттарына да қатысты орын алды.