Жалақысы ең төмен министрлер ішінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бар.
ERNUR.KZ. Қазақстанда министрлердің жалақысы 1,7 миллион теңгеге дейін жетеді. Алайда барлық ведомстволар жалақы туралы ақпарат ұсынудан бас тартқан. Тек Бас прокуратаның араласуынан кейін ғана жария еткен, деп жазады Stan.kz.
2022 жылдың шілдесі бойынша Қазақстанда 18 министр бар. Жақында Білім және ғылым министрлігі Оқу-ағарту және Жоғарғы ғылым болып екі ведомствоға бөлінген. Алайда басылымның сауалына тек 10 министрлік жауап берген. Дегенмен Сыртқы істер, Қорғаныс, Әділет, Еңбек, Білім және ғылым, Мәдениет, Ұлттық экономика, Экология және Денсаулық сақтау министрліктері тура жауап беруден бас тартқан. Тек Бас прокуратураның араласуынан кейін Экология мен Денсаулық сақтау министрліктері жауаптарын өзгерткен.
Анықталғандай, министрлік басшылары 1-1,7 миллион теңге аралығында жалақы алады.
Жалақысы ең төмен министрлер ішінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бар. Қызмет еткен жылдары мен ұстап қалатын алымдарды есептегенде ай сайын шамамен 1 миллион теңге алады.
2020 жылы қызметке келген Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің де жалақысы 1 миллион теңге шамасында. Жалақыға генерал-лейтинат шені де есепке алынады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің жалақысы еңбек өтілі, заңдық негізде алынатын салықтарды есептегенде 1,3 миллион теңгеге тең. Брекешев 2021 жылдың 10 қыркүйегінде министр болып тағайындалды.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың жалақысы премьер-министрдің орынбасары міндетін атқарғанын қоса есептегенде 1,5 миллион теңге шамасында.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың жалақысы 1 564 849 теңге.
Денсаулық сақтау министрлігінде орталық меморган басшыларының жалақысы еңбек өтіліне қарай 1 372 601 мен 1 668 958 теңге аралығында екенін мәлімдеді. Ажар Ғинияттың еңбек өтілі 25 жыл, сәйкесінше ол максималды 1,6 миллион теңге жалақы алады. Ол бұл лауазымға 2022 жылдың 11 қаңтарында тағайындалған.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың 20 жыл еңбек өтілін есептегенде 1 668 958 теңге жалақы алады. Оның ішінде шені үшін қосымша төленетін 96 218,59 теңге бар.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 30 жылдан асады. Сәйкесінше ол да 1 668 958 теңге жалақы алады. Өскенбаев министр болып 2022 жылдың 11 қаңтарында тағайындалды.
Сауда және интеграция министрлігін басқаратын Бақыт Сұлтанов та 1 668 958 теңге алады.
Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың жалақысы 1 668 958 теңге. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған Ақшолақов бұл лауазымға 2022 жылдың 11 қаңтарында келді.