​Қазақстанда мотор майларын таңбалау жүйесі іске қосылды

0
121

Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің бұйрығымен Мотор майларын таңбалау және қадағалау қағидалары бекітілді, аталған қағидалар сайтында орналастырылған.


​Қазақстанда мотор майларын таңбалау жүйесі іске қосылды

Фото: Энергетика министрлігі

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі еліміздің аумағында 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап өндірілген мотор майларын міндетті түрде таңбалау жүйесі енгізілгенін хабарлайды, деп жазады inform.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру, қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.

2025 жылғы 22 қарашадағы № 330-НҚ өзгерістермен Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығына сәйкес, мынадай СЭҚ ТН кодтары бойынша жіктелетін мотор майлары таңбалауға жатады: 2710198200, 3403191000, 3403199000, 3403990000.
Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің бұйрығымен Мотор майларын таңбалау және қадағалау қағидалары бекітілді, аталған қағидалар сайтында орналастырылған.
Заңды қызметті одан әрі жалғастыру үшін мотор майларының айналымының барлық қатысушысына Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) порталында тіркелу қажет.
Тауарларды таңбалау – бұл тауарлардың айналымының барлық кезеңінде, яғни өндірістен немесе импорттан бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі үдерісте оларды цифрлық сәйкестендіру және қадағалау тетігі. Таңбалау шеңберінде өнімнің әрбір бірлігіне Data Matrix бірегей коды – қара-ақ түсті квадрат пішінді екі өлшемді штрихкод қолданылады. Аталған кодта тауар, өндіруші, шығарылған күні және өнімнің мәртебесі туралы ақпарат шифрланған, бұл оның түпнұсқалығын және заңдылығын растауға мүмкіндік береді.
Әрбір тауар бірлігіне Data Matrix кодын қолдану арқылы цифрлық таңбалауды енгізу нарықты контрафактілік өнімдерден қорғауға, адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауда үдерістерінің айқындығын арттыруға бағытталған.
Таңбалау туралы толық мағлұматты Тауарларды таңбалау және қадағалау бірыңғай операторының сайтынан алуға болады.
Барлық техникалық мәселе бойынша, сондай-ақ (ТТҚАЖ) жүйесінде жұмыс істеу жөнінде кеңес алу үшін тегін 8 800 080 65 65 нөмірі бойынша Байланыс орталығына жүгінуге болады.