Тиісті бұйрық тіркелсе, 1-сынып оқушылары 35 апта, 2-11 сынып оқушылары 36 апта оқиды.
ERNUR.KZ. Қазақстандағы мектеп оқушыларының 2022-2023 оқу жылы неше апта оқып, неше апта демалатыны белгілі болды, деп жазады Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Оғу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өткен аппарат жиынында айтылған.
«Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында 2022-2023 оқу жылының жаңалықтары қаралды. Жаңа оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды», - делінген министрліктің ресми сайтында.
Министрліктің баспасөз қызметі бұйрық әлі тіркелмегенін, тіркелгенде онымен танысуға болатынын хабарлап отыр.