Қазақстанда Pfizer вакцинасын алатын азаматтар тізімі кеңейтіледі

0
676

Қазақстанда Pfizer вакцинасын тек жүкті, бала емізетін және 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынады.


Қазақстанда Pfizer вакцинасын алатын азаматтар тізімі кеңейтіледі

ERNUR.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech препаратымен вакцинацияланатын азаматтардың тізімі кеңейтілетінін айтты, деп жазады Stan.kz.

"Біз жолдарын қарастырып жатырмыз. Қазір ведомствоаралық комиссия аясында шешім шығарылуда. Осы апта жариялаймыз деп ойлаймын. Басқа санаттағы азаматтар осы вакцинаны алуы немесе қайта салдыруы мүмкін",-деді Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Айта кетсек, Қазақстанда Pfizer вакцинасын тек жүкті, бала емізетін және 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынады.

Еске сала кетсек, Айта кетері, 10 қарашада түнде Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Алматы қоймасында вакцинаның алғашқы 46 800 дозасы, бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы бар. Екі бөлігінің арасы 21-28 күн болуы керек.

Бүгін Pfizer вакцинасымен егілу басталды. Ал ревакциналау 22 қарашада басталады.