Денсаулық сақтау министрлігі соңғы мәліметтерді жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 226 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сондай-ақ, пневмониядан 71 адам емделіп шықты.
Жалпы, 1 тамыздан бері еліміз бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны – 40149 адам. 418 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 29556 жетті.