Қазақстанда радиолар мен телеарналар хабар таратуды тоқтатады

0
742

Профилактикалық жұмыстар 14 сағатқа созылады, үзіліс телерадио хабарларын сапалы таратуға жағдай жасау үшін қажет.


Қазақстанда радиолар мен телеарналар хабар таратуды тоқтатады

ERNUR.KZ. 15 қаңтарда Қазақстанда теле және радиохабар тарату тоқтатылады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Осы уақыт ішінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
"2020 жылдың 15 қаңтарында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да атқарылады.