Қазақстанда ревакциналау әдісі өзгерді

0
833

Министр бүгінде ревакциналаудан өткен адам саны 44 702 болғанын атап өтті.


Қазақстанда ревакциналау әдісі өзгерді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ревакциналау әдісі өзгеретінін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты ревакциналау әдісін қайта қарағанын айтты.

"8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алғандар, сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 6 айдан кейін ревакциналаудан өтеді", - деді Цой Үкімет отырысында.

Министр бүгінде ревакциналаудан өткен адам саны 44 702 болғанын атап өтті.