Қазақстанда сәби өлімі көбейген

0
571

Ерболат Досаевтың сөзінше бала өлімінің көбеюіне техникалық базаның ескеруі де себеп болуы мүмкін.


Қазақстанда сәби өлімі көбейген

ERNUR.KZ. Қазақстанда соңғы бес жылда сәби өлімі ең жоғары көрсеткішке жеткен. Қайғылы жағдайлар әсіресе Алматыда көбейген, деп жазады Zakon.kz.

Шахар басшысы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына барды.

Жыл сайын мұнда 12 мыңдай адам медициналық көмек алады. Қауіпті санаттағы 9000-нан астам әйел босанады.

Алайда операциялық бөлмелерде желдету жүйесі мүлде жұмыс істемейді. Жылыту жүйелерін, кәріз құбырларын ауыстыру қажет.

Шатыр мен лифтілерді жөндеу керек. Ерболат Досаевтың сөзінше бала өлімінің көбеюіне техникалық базаның ескеруі де себеп болуы мүмкін.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына келесі жылы осы проблемаларды кешенді шешу тапсырылды.

Сондай-ақ әкім №22 қалалық емханаға барды. Мекеме бір ауысымда 200 келушіні қабылдайды. Яғни шамадан тыс жүктеме бар.

Бұл мәселені шешу үшін Саялы шағын ауданында отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізіліп жатыр.