Қазақстанда шенеуніктердің табысы мен шығынындағы айырмашылықтары бақылауға алынады

0
976

Мәжілісте ресми табысы мен шығынында айырмашалықтары бар шенеуніктерге санкция жариялау жайлы заң жобасы қаралды.


Қазақстанда шенеуніктердің табысы мен шығынындағы айырмашылықтары бақылауға алынады

ERNUR.KZ. Жоба жемқорлықты жою мәселелерін шешу үшін бағытталған, деп жазады Stan.kz.

Егер мемлекеттік қызметкер мен оның жұбайының шығындары ресми түрде көрсетілген табысынан көп болатын болса, қызметкерге мансаптық санкция жарияланады.

"Санкция айырмашылық мөлшері көп болған жағдайда салынады. Шығын мен табыс айырмашылығы 1 000 айлық есептік көрсеткіштен (3 миллион теңге) асса, мемлекеттік қызметкерге айырмашылықтың 90%-на тең болатын айыппұл салынады. Дегенмен барлық жағдайда шығынның заңды екенін түсіндіруге мүмкіндік беріледі. Ал шығын мен кіріс арасындағы табыс мемлекеттік қызметкердің жылдық табысынан асып кетсе, ол қызметінен босатылады", - деді Марат Ахметжанов.

Оның сөзінше, заң жобасының қабылдануында жалпыға ортақ табысты мағлұмдау үлкен маңызға ие болмақ.

Айта кетейік, 2021 жылы жалпыға ортақ мағлұмдаудың бірінші кезеңі аясында мемлекеттік қызметкерлер активтері мен олардың міндеттері жөнінде декларация ұсынуы қажет болған. Ал 2025 жылы еліміздің барлық азаматы өзінің табысы жөнінде есеп беруі қажет.

Заң жобасын 2027 жылы қабылдау жоспарланып отыр.