Қазақстанда шенеуніктерге шетелден шот ашуға тыйым салынбақ

0
1 160

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет басшысына бірқатар ұсыныстар жіберді.


Қазақстанда шенеуніктерге шетелден шот ашуға тыйым салынбақ

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев Қазақстандағы жемқорлық деңгейін төмендету бойынша ұсыныстарын жеткізді – олардың арасында жергілікті шенеуніктерге шетелдік банктерден шот ашуға тыйым салу шарасы қарастырылған, деп жазады kaz.nur.kz.

Шпекбаевтың айтуынша, агенттік тарапынан мемлекет басшысына бірқатар ұсыныстар жіберілген – сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейту, қазақстандық шенеуніктерге шетелдік банктерден шот ашуға тыйым салу, заңда пара беруге уәделескен үшін жаза белгілеу.

Агенттік басшысының пікірінше, ел экономикасындағы жемқорлық деңгейі әлі де жоғары. Бұл салада мемлекеттің айтарлықтай үлесі болғандықтан, көбіне мемлекеттік кәсіпорындардың шенеуніктері жемқорлыққа жол беруде.

Ол бизнестің мемлекеттен барынша тәуелсіз болып, қолайлы ортада жұмыс істеуі тиіс екенін тілге тиек етті.