​Қазақстанда сот түрмедегі азаптау туралы іс бойынша үкім шығарды

0
1 347

Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.


​Қазақстанда сот түрмедегі азаптау туралы іс бойынша үкім шығарды

ERNUR.KZ.Қарағанды облысындағы колонияда кісіні азаптап өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері сотқа сілтеме жасап.

Шахтинск қалалық сотының үкімімен, АК-159/6 колониясы басшысының орынбасары Бауырбек Шотаев және АК-159/7 колониясының қызметкері Виталий Зарецкий қылмысты ұйымдастыру және азаптау баптары бойынша әрқайсысы жеті жылға сотталды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

2017 жылы 11 наурызда колонияның шұғыл бөлімі қызметкері Виталий Зарецкий бөлім басшысына мектеп мұғаліміне дөрекі сөйледі деген желеумен жазасын өтеуші Валерий Чупинді "жазалауын" тапсырған. Іс материалдары бойынша, сол күні бірнеше жазасын өтеуші Чупинді соққыға жығып, денесінен ток өткізген. Чупинді жергілікті ауруханаға жеткізген. Келесі күні ол "тік ішегіндегі жарақаттар мен ағзаның интоксикациясы" салдарынан қайтыс болды.

Бөлім басшысы Тимур Кирбаев 10 жылға сотталды. Жазасын өтеуші бесеу – Евгений Флотский, Дмитрий Крушинский, Николай Тюков, Максим Коваль және Қуанышбек Жарасбаев – әрқайсысы сегіз жылға сотталды.

Дереккөз: centralasian.org/a