Еліміздің 20 өңірінің ішінде тек Батыс Қазақстан облысында ғана баға өткен жылғы деңгейде қалғанын атап өткен жөн.
ERNUR.KZ. Eлімізде стоматологиялық қызметтің бағасы қымбаттаған, деп жазады inform.kz.
Биылғы бірінші жартыжылдықта стоматологиялық қызмет көрсету көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,3%-ға өсіп, 48,8 млрд теңгені құраған.
Өткен жылы бұл көрсеткіш 33,8 млрд теңге болатын.
Қызметтер ең көп көрсетілген өңірлер:
— Алматы қаласында (12,4 млрд теңге);
— Астанада (11,8 млрд теңге);
— Ақтөбе облысында (2,3 млрд теңге).
Өткен жылмен салыстырғанда қызмет көрсету көлемінің ең көп өсімі Шымкент қаласында (+95,3%), сондай-ақ Жамбыл (+74,4%) және Қызылорда (+61,8%) облыстарында тіркеліп отыр.
Баға мәселесіне келетін болсақ, ағымдағы жылдың тамыз айында стоматологиялық қызмет өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға қымбаттады.
Атап айтсақ:
— жергілікті анестезиямен тіс жұлу — 17,4%-ға;
— кариесті емдеу — 15,4%-ға;
— тіс протездеу — 8,7%-ға;
стоматологиялық қалдықтарды жою — 7,3%-ға өскен.
Өңірлерде бағаның ең үлкен өсімі елордада тіркелді, онда баға 29,6%-ға артқан. Бағаның айтарлықтай өсуі Қарағанды және Қостанай облыстарында да байқалды (тиісінше 23,8%-ға және 17,2%-ға).
Бағаның ең төмен жылдық өсімі Алматыда (3%-ға), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (8,1%-ға) және Атырау (8,3%-ға) облыстарында тіркелді.
Еліміздің 20 өңірінің ішінде тек Батыс Қазақстан облысында ғана баға өткен жылғы деңгейде қалғанын атап өткен жөн.