Қазақстанда тағы 7 жаңа стадион салынады

0
135

Спорт нысандары бірнеше қалада бой көтереді.


Қазақстанда тағы 7 жаңа стадион салынады

Фото: ҰОК

ERNUR.KZ. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Алматыда жаңа стадион құрылысы жоспарланып отыр.

"Жеті қалада жеті стадион салу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Күзде Қызылордада УЕФА стандартының үшінші санатына сәйкес келетін стадион пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша стадиондар салу жұмыстары басталды", – деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Спорт нысандарының нақты құны жобалау жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана анықталады.

"Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы нақты міндеттер қойып отыр. Шетелдегі жекеменшік клубтардың тәжірибесі бойынша стадиондар мемлекет қаржысына салынбауы керек деген тапсырма берілді", – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.