Елімізде 7 өңір "қызыл" аймақта тұр.
ERNUR.KZ. Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа Ақмола облысы кірді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
Оның айтуынша, 9 ақпандағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта 7 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, БҚО, Ақмола, Алматы, Ақтөбе облыстары.
Министр Нұр-Сұлтан мен Алматы "қызыл" аймақта 28 күн, БҚО - 20 күн, Атырау облысы - 2 апта, Ақтөбе және Алматы облысы - 1 апта, Ақмола облысы - бір тәулік тұрғанын айтты.
"Сары" аймақта - Шымкент және Қарағанды облыстары.
Қалған 8 өңір "жасыл" аймақта орналасқан.


