Патогендік микроорганизмдер жартылай фабрикаттардан және ресейлік өндірістегі бройлер тауықтарының кеудесінен анықталған.
ERNUR.KZ. Қызылордада ластанған тауық еті сатылымнан алынды. Оның ішінен сальмонелла табылды, деп жазады Stan.kz.
Патогендік микроорганизмдер жартылай фабрикаттардан және ресейлік өндірістегі бройлер тауықтарының кеудесінен табылды. 600 мың теңгеден асатын қауіпті тауарлар жойылады.
Айтпақшы, жыл басынан бері санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері тамақ өнімдеріне екі мыңға жуық сараптама жүргізген. Олардың 6% -ында микробиологиялық мәліметтер мен қауіпсіздік көрсеткіштерінде сәйкессіздіктер анықталды.
Сонымен бірге мамандар заң бұзушылықтардың көп бөлігі ет өнімдеріне, алкогольсіз сусындарға және кондитерлік өнімдерге қатысты дейді.
"Анықталған заң бұзушылықтарға қатысты облыстың 32 сауда объектілеріне барлық кемшіліктерді жою қажет нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, тұтынушыларға сәйкессіздіктер табылған тауарлар туралы ақпаратты сәйкес келмейтін тауарлар тізілімінің сайтында білуге болатындығын ескерткім келеді", - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.