Қазақстанда теңізшілердің диплом алу ережесі өзгереді

0
1 140

Кеме капитанының, кезекші офицердің, кеме капитанының көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде де өзгерістер енгізіледі.


Қазақстанда теңізшілердің диплом алу ережесі өзгереді

ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі теңізшілерді аттестаттау қағидаларына өзгерістер дайындады, деп жазады Zakon.kz.

Атап айтқанда, диплом беру кезінде өтініш пен құжаттарды тапсырған күннің алдындағы соңғы бес жылдағы жүзу тәжірибесі ескеріледі.

Түсіндіргендей, бұл жаңалық теңізшілерді аттестациялау кезінде жүзу тәжірибесін есепке алуға қатысты сұрақтар туындайтынына байланысты. Сондықтан оны есепке алудың белгілі бір тәртібін бекіту орынды деп саналады.

Кеме капитанының, кезекші офицердің, кеме капитанының көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде де өзгерістер енгізіледі.

Теңізшілерге диплом алу үшін шетел тіліндегі құжаттардың көшірмесі теңіз порты әкімшілігіне мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

Мына құжаттар ұсынылады:

  • Теңіз порты әкімшілігі басшысының атына өтініш;
  • фото 3 x 4 см - екі дана;
  • ҚР теңізшісінің жеке куәлігінің немесе матрос паспортының (болған жағдайда) көшірмесі;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • қағидалардың 25-74-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • медициналық қорытындының көшірмесі;
  • кәсіптік диплом бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

Бұйрық жобасы 18 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.