Қазақстанда тіркелмеген мал үшін "штрафтық тұрақтар" енгізіледі

0
115

​Мұндай шаралар еліміздегі жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.


Қазақстанда тіркелмеген мал үшін

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 29 қазанда Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мәжіліс кулуарында ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеуге ынталандыру шаралары туралы айтты, деп жазады Zakon.kz.

Азат Сұлтановтың айтуынша, егер тіркелмеген мал анықталса, мал иелеріне қатысты жауапкершілік қатаңдатылмақ.

"Біріншіден, айыппұл түрінде шаралар қабылданады. Екіншіден, тіркелмеген мал арнайы штрафтық тұрақтарға орналастырылады. Сол мал тіркеуден өткенге дейін бұл тұрақтардан шығарылмайды", – деді вице-министр.

Мұндай шаралар еліміздегі жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Өйткені иесіз жайылып жүрген мал жолға шығып, апаттарға себеп болады. Сонымен қатар, бұл бастама малдың өзге адамдардың жеріне рұқсатсыз жайылу қаупін азайтуға көмектеседі.

"Малды жаппай тіркеу қажет. Осы мақсатта заңдарға өзгерістер енгізіліп, тіркелмеген мал үшін жауапкершілік күшейтіледі", – деп қорытындылады спикер.