Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік жасату құны қымбаттады

0
197

Төлқұжат өтінім берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде дайындалады.


Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік жасату құны қымбаттады

фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлім еткендей, 2025 жылдан бастап елде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге өсті, деп жазады inbusiness.kz.

Төлқұжат жасату құны

– 24 парақ – 4 АЕК, яғни 15 728 теңге (16 жасқа дейінгі балалар үшін);

– Қолданыстағы 36 парақ төлқұжат құны 8 АЕК яғни, 31 456 теңгеге өседі.

– 48 парақ – 12 АЕК, яғни 47 184 теңге (ересектерге) болады.

Төлқұжат өтінім берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Бірақ қазақстандықтар қосымша ақы төлеп, төлқұжатты тезірек алуына болады.

Жеке куәлік жасату құны

Тұрғындар жеке куәлік жасату үшін 0,2 АЕК немесе 786,4 теңге төлеуі керек. Бірақ жеке куәлігін жоғалтып, бір жыл ішінде екі реттен артық жасатса, 1 АЕК немесе 3 932 теңге төлейтін болады.

Жеделдетіп әзірлеу мүмкіндігі

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін: 1 жұмыс күнінде әзірлеп беру – 3 372 теңге, 3 жұмыс күнінде дайындап беру үшін – 1 771 теңге төлеу керек.

Облыс орталықтары үшін: 3 жұмыс күні – 3 372 теңге. 5 жұмыс күні – 1 771 теңге.

Аудандар мен облыс қалалары үшін: 7 жұмыс күні – 605,31 теңге.