Қазақстанда UFC турнирі қашан өтетіні белгілі

0
663

Қазақ жерінде UFC турнирі 2020 жылы өтуі тиіс еді.


Қазақстанда UFC турнирі қашан өтетіні белгілі

ERNUR.KZ. UFC промоушені келесі жылы Қазақстанда жекпе-жек кешін өткізуі мүмкін, деп жазады vesti.kz.

"Қазіргі таңда UFC-мен Қазақстанда кеш өткізу турасында келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шамамен 2023 жылдың соңында немесе 2024 жылы өтуі мүмкін", - дейді Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала.

Еске салайық, осыған дейін қазақ жерінде UFC турнирі 2020 жылы өтуі тиіс еді. Алайда аты жаман аурудың (коронавирус) әлемді шарлауына байланысты кейінге шегерілді.