Қазақстанда ұзақ уақыттан бері бірінші рет коронавирус пневмониясы салдарынан бір адам көз жұмды

0
779

Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясы бойынша ұсынған статистикасында көрсетілмеген. Алайда коронавирус пневмониясынан өлгендер саны 1 адамға көбейген.


Қазақстанда ұзақ уақыттан бері бірінші рет коронавирус пневмониясы салдарынан бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 10 шілдеде ұзақ уақыттан бері алғаш рет COVID-19 белгілері бар, алайда ПТР-тесттің теріс нәтижесі шыққан науқастың өлімі тіркелді. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады, деп жазады Stan.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясы бойынша ұсынған статистикасында көрсетілмеген. Алайда коронавирус пневмониясынан өлгендер саны 1 адамға көбейген.

Министрлік ақпаратты растаған. Сондай-ақ тәулік бойынша статистиканы жасау кезінде қателік кеткенін, мұны түзейтінін мәлімдеген.

Ведомствоаралық комиссияның деректеріне сәйкес, COVID-19 жұқтырған науқастардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланған. Ол өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.