Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілуі мүмкін – ол кімдерге төленеді

0
951

​Әзірге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа жәрдемақыға қатысты ұсынысты үкіметке енгізген жоқ, бұл тек ведомствоның өз жоспары ғана.


Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілуі мүмкін – ол кімдерге төленеді

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектердің күтіміне байланысты төленетін қосымша жәрдемақы енгізуді ұсынып отыр. Ведомство бұл ұсынысты әзірге үкіметке енгізген жоқ, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде мүгедектік бойынша жәрдемақы қайта қаралуы мүмкін екенін жеткізді.

Министр жарымжан жандар мемлекеттің ерекше қолдауына мұқтаж екенін атап өтті.

"Біз мүгедектердің күтіміне байланысты жәрдемақы енгізу бастамасын көтергіміз келеді. Бүгінде мүгедек баланың күтімі бойынша ата-аналар мен олардың қамқоршыларына жәрдемақы қарастырылған. Сондай-ақ, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндерге көзделген. Алайда өмірде бала кезінен мүгедек емес бірінші топтағы ересек мүгедектер де бар. Оларға да күтім қажет. Сондықтан қосымша жәрдемақы енгізген дұрыс әрі қисынды болатын шығар. Бірақ, мұның бәрі әзірге министрліктің өз жоспары ғана", - деді Нұрымбетов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Ол ұсыныстар үкіметке және атқарушы органдарға келісілуге енгізілмегенін айтты.

Бұған дейін министр бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала үш жасқа толғанға дейін төлеуді ұсынған еді. Қазір қазақстандық аналарға бала күтіміне байланысты жәрдемақы сәби бір жасқа толғанға дейін төленеді.