Қазақстанда жаңадан ашылған су университетіне 129 талапкер грантқа түскен

0
234

Былтыр институт кезінде бұл оқу орны 67 баланы қабылдаған.


Қазақстанда жаңадан ашылған су университетіне 129 талапкер грантқа түскен

ERNUR.KZ. Биыл ашылған Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне 129 талапкер грантқа түскен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, былтыр Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жанындағы «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтына небары 67 бала грантқа түскен екен.

«Ұлттық университет «Су шаруашылығы және мелиорация», «Геодезия және картография», «Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс», «Сумен қамтамасыз етудің инженерлік желілері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» сияқты мамандықтарды үйретеді», - деп хабарлады министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың көктеміндегі алапат су тасқынынан кейін Қазақстан су шаруашылығын үйрететін ұлттық университет ашқан.