Қазақстанда "Жас кәсіпкер" бизнесті дамыту бағдарламасы қолға алынады

0
1 511

Бұл бағдарлама жастардың жаңа бастамалары мен бизнесін дамытуға арналады.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. Жастардың өз кәсібін ашып, бизнесін дамытуға бүкіл мүмкіндік жасалады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімі кезінде мәлім етті, деп жазады Елорда Инфо.

"Еліміздің жастарына ерекше назар аударғым келеді. Сіздер Қазақстанның дамуы жолында маңызды әрі шешуші рөл атқарасыздар. Елбасы 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Осы тұрғыда біз жастардың жаңа бастамалары мен бизнесін дамытуға арналған "Жас кәсіпкер" бағдарламасын жүзеге асырамыз. Яғни жастардың стартаптарына қолдау білдіріп, оларды жұмысқа орналастыруға арналған бағдарламаны қолға аламыз. Менің мақсатым- жастардың арманы орындалып, олардың табысқа жетуінің өзіндік тарихы болуы үшін бар мүмкіндік пен жағдайды жасау", - деді Қ. Тоқаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметке жас таланттарды тарту үшін президенттік кадрлық резерв құрылады.

«Талантты жас басқарушыларды мемлекеттік қызметтің барлық түріне тарту үшін президенттік кадрлық резерв жасақталады. Біздің жастар мақсатшыл, еңбексүйгіш және кревтивті сондықтанда Қазақстанның болашағы сенімді қолда», - деді ол.

Одан бөлек, мемлекет басшысы халық жиі қоятын сұрақтардың бірі баспана мәселесіне де тоқталып өтті.

«Маңызды бағыттардың бірі - тұрғын үй мәселесін шешу. Әсіресе әртүрлі санаттағы баспанаға мұқтаж жандарға ерекше мән беріледі. Осы тұрғыда бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу керек. Бұл бағытта Үкімет нақты шараларды қабылдайтын болады», - деді президент.