Қазақстанда жазасын өтеушілерді азаптау көрсеткіші көбейген

0
734

2020 жылдың 3 айында қылмыстық-атқару жүйесінің 10 қызметкері сотталушылаиды азаптағаны үшін сотталды.


Қазақстанда жазасын өтеушілерді азаптау көрсеткіші көбейген

ERNUR.KZ. Қазақстанда түзеу мекемелерінде азаптаудың қолданылуына қатысты шағымдар саны артқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың деректеріне сәйкес, Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін өзге де арнаулы мекемелерде орналасқан адамдарды азаптауға және қатыгездікпен қарауға қатысты шағым саны артты.

Тамыз айындағы жағдай бойынша ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың атына 97 тиісті өтініш түсті, ал 2019 жылдың 12 айында 83 өтініш түсті. Уәкілге азаптау бойынша өтініштер Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінің мекемелерінде жүрген адамдардан көбірек түседі екен.

«Сотталғандар адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қағидаттарын бұзатын мәселелердің тұтас кешеніне шағымданады. Түскен өтініштердің ішінде антисанитариялық жағдайларға, ар-ождан және діни сенім бостандығын шектеуге, білікті медициналық көмектің жеткіліксіздігіне, еңбек құқығын бұзуға, гендерлік белгісі бойынша кемсіту жағдайларына, тамақ, киім және аяқ киім сапасына қатысты шағымдар бар», - делінген орталық хабарламасында.

Сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу шарттарының тым милитаризациялану практикасына байланысты өтініштер де бар. Бұл әскери казармалық атрибутиканы қолдануда, тұтқындардың марштық құрылысында, оларға қатысты әскери командаларды ұсынуда көрініс табады екен.

«Бірқатар шағым бас бостандығынан айырылған азаматтарға қатысты қатыгездікпен байланысты болды, тіпті науқастарға қатысты зорлық-зомбылықты қолдана отырып, санкцияланбаған тінту, ұрып-соғу және қорлау деректері болған. Барлық алынған өтініштердің қорытындысы бойынша тексерулер жүргізілуде, уәкілетті органдардың атына хаттар дайындалуда немесе жолданған», - деп хабарлайды.

Сотталғандардың атынан келген барлық өтініш БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясының бұзылуы туралы белгі береді. Ал, Қазақстан оны сақтауға міндеттеме алған қатысушы мемлекет.

Жоғарыда аталған Конвенцияға сәйкес құқық бұзылуының алдын алу мақсатында жабық мекемелерде ұсталатын азаматтарға бару үшін ұлттық деңгейде бір немесе бірнеше орган әрбір қатысушы мемлекетте болады.

«Қазір Қазақстанда азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) тұрақты негізде жұмыс істейді, оның нәтижесінде уәкілетті органға түскен сотталған адамдардың көптеген өтініші анықталды және жеткізілді. Айта кетейік, тұтқындардың барлығы әкімшілік тарапынан жасалған санкциялар мен жазалар туралы қауіптерге байланысты түрме режиміне шағым жіберуге шешім қабылдай бермейді, өйткені олардың өтініштері қандай да бір жолмен пенитенциарлық мекемелер басшылығының инстанциясынан өтеді», - дейді Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық.

Айта кету керек, ҰАТ азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін анықтау және алдын алу мақсатында жабық мемлекеттік мекемелерді қоғамдық бақылаудың бір түрі болып саналады.

ҰАТ жұмысына тартылған сарапшылардың міндеті – адамдарды қоғамнан оқшаулау орындарына үнемі бару және ондағы адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына мониторинг жүргізу. Мұндай мекемелердің қатарында түрмелерден басқа тергеу изоляторлары, полиция учаскелері, наркологиялық диспансерлер, жетім балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдары, қарттар мен 1, 2 топтағы мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары және т.б.

ҰАТ қатысушыларының құрамына Адам құқықтары жөніндегі уәкілден басқа, азаматтардың құқығын, заңды мүддесін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бақылау комиссиялары мен қоғамдық бірлестіктердің қазақстандық азаматтар арасынан іріктелетін мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер кіреді.

Алайда, ҰАТ берген ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдардың қолдауына ие бола бермейді екен.

«Мәселен, соңғы жылы ұсынылған ұсынымдардың бір бөлігі ғана іске асырылды: Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жіберілген 48 ұсынымның 10-ы орындалды, 19 ұсыным орындалу сатысында, 19 ұсыным қолдау таппады», - дейді.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес 2019 жылы ҚР Қылмыстық 146-бабы бойынша СДТБТ-да азаптау туралы қылмыстар үшін 86 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. 2020 жылдың 5 айында аталған бап бойынша Қазақстанда 131 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. 2020 жылдың 3 айында азаптағаны үшін 16 адам сотталды. 2020 жылдың 3 айында азаптағаны үшін сотталған полиция қызметкерлері – 1, ҚАЖК қызметкерлері – 10, бұрын сотталған адамдар – 5.