Қазақстанда жеке деректер бойынша агенттік пайда болуы мүмкін

0
1 041

Бүгінде әрбір мемлекет өзі сақтайтын жеке деректерге толықтай жауап береді.


Қазақстанда жеке деректер бойынша агенттік пайда болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов Үкіметтегі баспасөз конференциясында азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау мақсатында министрлік Ақпараттық қауіпсіздік комитеті жанынан жеке деректер жөніндегі агенттік құру туралы бастама көтергенін хабарлады, деп жазады kaz.nur.kz.

"Бүгінде әрбір мемлекет өзі сақтайтын жеке деректерге толықтай жауап береді. Сол себепті, министрлік жеке комитет – ақпараттық қауіпсіздік базасында Жеке деректер бойынша агенттік құруды жоспарлап отырмыз.
Ол ақпараттық қауіпсіздік бойынша біздің дербес мәліметтерімізді сақтап, жауапкершілік бойынша жұмысты үйлестіріп, жақсартатын болады", - деді Оспанов.

Оның сөзінше, аталған агенттік қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетпеуіне жауапты болады.

"Аталған ұсыныс бүгінгі таңда қарастырылып жатыр. Меніңше, бізде осы істерді қадағалайтын жаңа координатор пайда болуы мүмкін" , - деп түйіндеді вице-министр.