2023 жылғы қарашада есепке 157,9 мың бірлік автокөлік құралы қойылды.
ERNUR.KZ. Елімізде жеңіл автомобильдер саны 1,5 есеге көбейді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Көлік статистикасының мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артық. Мәселен, автобустар 1,9 есеге, жүк көліктері 1,3 есеге және жеңіл автомобильдер саны 1,5 есеге артқан.
Осылайша, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 260,6 мың бірлікті құрады
Оның ішінде:
88% - жеңіл автомобильдер
9,9% - жүк автомобильдері
2,1% - автобустар