Қазақстанда Жеңіс күніне берілетін төлемді теңестіру ұсынылды

0
856

Мәжілісте "Ардагерлер туралы" заң жобасы қаралды, құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдік пен кепілдік топтастырылған.


Қазақстанда Жеңіс күніне берілетін төлемді теңестіру ұсынылды

ERNUR.KZ. Мәжіліс Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жыл сайын Жеңіс күніне берілетін төлемдердің мөлшерін теңестіруді ұсынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Жеңіс күніне орай әр өңірде ардагерлерге берілетін төлемдерге тоқталды.
"Жалпы, елімізде осы төлемдердің бірыңғай мөлшері болғаны дұрыс. Не дегенмен, Жеңіске 75 жыл. Ардагерлеріміз де көп емес, аз қалды. Бір облыстарда бір әкім басқа сома табады, екіншісі басқа береді, содан әңгіме шығады, салыстырады. Сондықтан төлемнің бірыңғай мөлшері болғаны жақсы", - деді төраға.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкімет бұл мәселені қарастырып жатқанын айтты.
"Үкімет те Жеңіс күніне берілетін төлемдер Қазақстан бойынша біркелкі болғанын қалайды. Осыған қатысты үкімет басшылығымен тиісті тапсырма әкімдерге берілді", - деді ол.
Айтуынша, министрлік ардагерлерге берілетін төлемнің ең төменгі мөлшерін белгілеген.
"ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 300 мың теңгеден төмен болмауы керек. Ал оларға теңестірілгендерге 100 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңге. Бірақ бұл әркімнің мүмкіндігіне қарай, мәселен, кейбір облыстар одан да жоғары береміз деп отыр", - деді Нұрымбетов.
Айта кетсек, бүгін мәжілісте "Ардагерлер туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдік пен кепілдік топтастырылған.