Қазақстанда жүктердің қозғалысын қадағалау үшін «Цифрлық жібек жолы» жобасы енгізіледі

0
110

​Қазақстанда «Цифрлық жібек жолы» жобасы жүзеге асырылып жатыр.


Қазақстанда жүктердің қозғалысын қадағалау үшін «Цифрлық жібек жолы» жобасы енгізіледі

ERNUR.KZ. Оның шеңберінде барлық жүк тасымалын қадағалап отыруға арналған бірыңғай логистика картасы жасалады. Жоба жүктердің қозғалысына байланысты негізгі деректерді визуализациялауға, жолдар мен бекеттердің жүктемесін анықтауға, республикадағы жол инфрақұрылымын дамыту үшін қосалқы сервистерді талдауға бағытталған, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

«Жоба шеңберінде картада кеден бекеттері, автожанармай құю стансалары, уақытша сақтау қоймалары, бақылау аркалары мен төлем алу пункттері және тағы да басқалар цифрландырылатын және геопозицияланатын болады», — деп нақтылады қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында.

Бүгінде Мемлекеттік кірістер комитеті аркалар мен автожанармай құю стансаларындағы бейнекамераларды көре алады және автокөлік құралдары қозғалысын қадағалайды. Бұл бақылаудың қосымша деңгейін қамтамасыз етіп, мәлімделген маршруттан ауытқуларды және ықтимал жалған транзитті анықтауға көмектеседі.