Мұндай деректі ҚР ҰЭМ Статистика комитеті жария етті.
ERNUR.KZ. 2019 жылғы шілдеде Қазақстанда жұмыссыз жүрген 440,9 мың адам тіркелген, бұл жұмыс күші санының 4,8%-ын құрайды (маусымда 4,8%), деп жазады ҚазАқпарат.
Ресми дерек бойынша, осы жылдың шілде айының соңында ҚР жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 172,7 мың адам немесе елдің экономикалық белсенді халық санынан 1,9%-ы ресми түрде тіркелген.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың сәуір-маусымында жұмыс күші санының 0,3 пайызына (30,4 мың адам) тең болды.
Осы жылдың шілдесінде республиканың экономикасында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған.
Еңбекке тартылған халықтың арасында 6,7 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1 пайызы) жалдамалы еңбек етеді.