Қазақстандағы 9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

0
2 363

Синоптиктер елімізде тұрақсыз ауа райы сақталатынын айтады.


Қазақстандағы 9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 9 шілдеге арналған ауа райына қатысты болжамдарын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы болады деп күтіледі, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел тұрып, нөсер болады. Республикамыз бойынша жел екпін алады деп күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", деп жариялады "Қазгидромет" РМК.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында өте ыстық болады деп болжанады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Алматы қаласының орталығында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.