Розенблюм Қазақстанның 17 өңірін аралап шыққанын айтты.
ERNUR.KZ. Дэниел Розенблюм 20 қаңтардан бастап қызметінде болмайды, деп жазады ulysmedia.kz.
Құрметті, Қазақстан халқы! Менің қымбатты достарым мен әріптестерім! Сіздер білетіндей, жан-жақты ойлана келе мен 20 қаңтардан бастап Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметінен зейнетке шығу шешімін қабылдадым. Бірнеше айдан кейін АҚШ мемлекеттік департаменті 28 жылдық қызметтен кейін зейнетке шығамын.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін атқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл достықты нығайту, серіктестіктерді қалыптастыру және екі ел арасындағы байланысты күшейтуде бірлескен жұмыс жүргізу сияқты керемет үлкен жол болды, – дейді Дэниел Розенблюм.
Розенблюм Қазақстанның 17 өңірін аралап шыққанын айтты. Қаншама кәсіп иелерімен, мамандармен, сарапшылармен кездескенін, қайда барса да қонақжайлық көргенін жеткізіп, бәріне алғысын білдірді.