Қазақстандағы екі су электр станциясы "Самұрық-Қазына" меншігіне өтті

0
438

Қазақстандағы ең ірі су электр станцияларына шетелден инвестор тарту мәселесі біраз уақытқа дейін талқыланған болатын.


Қазақстандағы екі су электр станциясы

ERNUR.KZ. "Шүлбі" және "Өскемен" су электр станциялары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына өтті, деп жазады sputnik.kz.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "АҚ "Шүлбі СЭС АЭС" ЖШС және "Өскемен СЭС АЭС"ЖШС-не 100% иелік етеді", - деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, Қазақстандағы ең ірі су электр станцияларына шетелден инвестор тарту мәселесі біраз уақытқа дейін талқыланған болатын. Ірі су электр станцияларына арабтар қызығушылық танытқан.

Алайда станциялар 100% шетелдік инвесторларға бұйырмайтыны айтылған. Су электр станциялары жөндеуді қажет ететіні туралы БАҚ беттерінде де біраз уақыттан бері жазылып келеді.