17 облыстың ішінде тек 9 өңірдің тұрғындары айына көбірек жалақы алады.
ERNUR.KZ. Сарапшылар Қазақстанның қай өңірінде кіріс жоғары екенін санап көрді. Алматы қаласы тізімде көшбасшы болып отыр. Мегаполис тұрғындары орта есеппен айына 238,8 мың теңге алады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Finprom.kz жасаған статистикалық деректерге сәйкес, алматылықтардың айлық табысы бір жыл ішінде 5,7% өскен және 35,8% орта көрсеткіштен асады.
Екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы жайғасты. Астаналықтар айына орта есеппен 230,5 мың теңге алады. Мұнда жылдық табыс 5,9% өскен.
Тізімдегі үшінші орын Қарағанды облысына бұйырған. Мұндағы тұрғындар орта есеппен 209,2 мың теңге алады.
Топ-5 қатарына Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстары кірген. Бұл өңірдегі тұрғындар орта есеппен 203,8 мың және 199,8 мың теңге айлық алады.
Республикамыздағы 17 облыстың ішінде тек 9 өңірдің тұрғындары айына көбірек жалақы алады.
Ең төменгі жалақы Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында тіркелген, мұнда орташа жалақы деңгейі 105,3 мың, 134,6 мың және 139,4 мың теңгені құраған.


