Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ұшып келді.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында ауа температурасының күрт көтерілуі мен қардың қарқынды еруі салдарынан Қобды және Ойыл аудандарының елді мекендерін су басты, деп жазады ulysmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылар алдын ала 400-ден астам адамды эвакуациялағанын, олардың 140-ы үйлеріне оралғанын, 70-тен астам адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, тағы 240 адам туыстарында қалғанын мәлімдеді.
4 мыңнан астам ауыл шаруашылығы малдары қауіпсіз жерге шығарылды.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ұшып келді.
«Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша жағдайды бағалау, елді мекендердегі су тасқынының салдарын жою жұмыстарын бақылау және үйлестіру үшін Ақтөбе облысына ұшып келді», - делінген хабарламада.
Су тасқынының салдарын жоюға облыстың Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, Ішкі істер министрлігінің және басқа да мүдделі құрылымдардың жеке құрамының 900-ге тарта жеке құрамы, 650 бірлік техникасы жұмылдырылған.