Елімізде 2026 жылдың алғашқы бес айында парақорлыққа қатысты 427 қылмыстық іс тіркелген.
Фото: Depositphotos.com
ERNUR.KZ. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz.
Аймақтар бойынша антирейтингте Астана көш бастайды. Елордада 56 іс тіркелген, бір жылда 21,7%-ға өскен. Одан кейін Қостанай облысы (38 іс, 3,5 есе өсім) және Алматы қаласы (32 іс, +14,3%) тұр.
Ең төмен көрсеткіш Абай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Сарапшылардың мәліметінше, парақорлыққа қатысты істердің басым бөлігі осы қылмыс түріне тиесілі – 62,9%.
Жалпы алғанда, коррупциялық құқықбұзушылықтар саны 11,1%-ға азайғанымен, "пара алу" бабы бойынша керісінше 11,9%-ға өсім байқалады.
Сонымен қатар, кейбір өңірлерде құқықбұзушылықтардың айтарлықтай төмендеуі байқалады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында мұндай істер саны бірнеше есеге азайған.
Дегенмен, ұзақмерзімді статистикаға сәйкес, коррупциялық қылмыстар саны соңғы жылдары 2 есеге жуық қысқарған. Бірақ, келтірілген материалдық залал көлемі артып, 2024 жылы 110 млрд теңгеден асқан.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, былтыр парақорлық істері бойынша сотталғандардың шамамен 30%-ы ғана нақты бас бостандығынан айыру жазасын алған. Көп жағдайда айыппұл немесе шартты жаза тағайындалған.


