Қазақстандық әскери альпинистер Солтүстік Американың ең биік шыңын бағындырды

0
130

Денали шыңында Қазақстанның Мемлекеттік Туы көтерілді.


Қазақстандық әскери альпинистер Солтүстік Американың ең биік шыңын бағындырды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің Тау дайындығы орталығының альпинистер тобы Солтүстік Американың ең биік шыңы – Деналиді бағындырды, деп жазады inbusiness.kz.

6190 метр биіктікте әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Арнайы операциялар күштерінің туын көтерді.

Экспедиция қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығын, төзімділігі мен рух күшін көрсетті. Әскери альпинистердің айтуынша, Денали шыңын бағындыру үлкен физикалық және психологиялық дайындықты талап етеді.

Айта кетейік, Денали шыңы Алясканың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Оның атауы атабаска тілінен аударғанда "Ұлы" деген мағынаны білдіреді.